Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8/7182/356596
email: sosh38@goo.edu.kz
Мекенжайы: Мойылды ауылы Абай көшесі 1
8/7182/356596
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
За год
За месяц
За неделю
Вчера
"Игілікті ұрпақтар" бейінді лагері "Мен-патриотпын" жасағы
13-07-2016 05:21

Жазғы бейінді лагерінің “Сәлем, жайма шуақ жаз, қызыққа толы демалыс!” ашылу салтанаты болды. Бейінді лагері бірнеше жасақтардан құралды. “Мен - патриотпын”, “Мен - көшбасшымын”, “Sunny English”, “Олимпиадалық мектеп резерві” жасақтары өз маусымын ашты. Жалпы күн лагердің жұмыс жоспарымен танысып, алда атқарылатын жұмыстарға жоспарлар құрылды.

Рисунок1 Рисунок3

“Абайдың көзімен....” атты шара ұйымдастылып, Абайдың табиғат лирикасынан өлеңдер оқылып, өлең сюжеті бойынша суреттер сайысы өткізілді. Рисунок5 Бізге қонаққа скауттар келіп, балаларға өздерін таныстырып, әр түрлі ойындар өткізді. Скауттардың мақсаты адамдарға жақсылық жасау, көмек көрсету. Балаларға скауттар қатты ұнады, олар да скауттардың қатарына қосылғылары келетінін айтты. Рисунок6 “Тілге құрмет – елге құрмет” сайысында оқушылар өздерінің мемлекеттік тілде сөйлей алу шеберліктерін сынады. Өздерін таныстырып, өлеңдер оқып, мақал-мәтелдер айтып сайысқа түсті. Рисунок7 Балалар-жасөспірімдердің экологиялық және туризм орталығына саяхатқа барып, балалар боулдеринг сабақтарына қатысты. Туристік-жаттығу соқпағынан өтіп, өздерінің ептіліктерін сынға салып көрді. Рисунок9 Рисунок10 Рисунок11

Қазақ халқының қонақжайлығын барлық халықтар таныды десек де болады. Бейінді жасақтар да өзара бір-бірін қонаққа шақырып ұлттық тағамдар туралы, салт-дәстүрлері туралы айтып, дастарқан жайды. Біздің жасақ “Қымыз – ауруға ем, сауға - қуат ” дегендей “Қымыз-брейк” өткізсе, “Sunny English” жасағы ағылшындардың шай ішу дәстүрін көрсетсе, “Мен - көшбасшымын” жасағы өзбек халқының ұлттық тағамы - палау жасап, қонақтарға дәм татырды.

Рисунок12

Мектепішілік лагерінің балаларына арнап, жасақтар “Алло, біз таланттыларды іздейміз!” атты шағын концерт ұйымдастырдық. Балалар өз өнерлерін көрсетіп, жан-жақты қырларын көрсете білді. Рисунок13