Көктемгі демалыс уақытында мектеп қабырғасында бастауыш сынып аралығында «Кішкентай теңіз саяхатшыларының саяхаты» атты іс-шара өткізілді. Балалар өз саяхаттарын «Ержүректер» мен «Тапқырлар» деген топтарға бөліне отырып бастады. Кемедегі кез-келген топқа тапқыр да ержүрек адам керек. Ол – капитан. «Ержүректер» тобыны капитан ретінде Зуев Никитаны таңдады. Ал «Тапқырлар» тобында таңдау Леонтьева Янаға түсті. Өз қарсыластарымен амандаса отырып, командалар ерекше саяхатқа аттанды.
Дұрыс бағытты таңдай отырып, елсіз аралдың ашылуы, командалар жол жүріп кетті. «Ержүректер» тобы логикалық тапсырмаларды орындап, жағажайдан жүрді, ал «Тапқырлар» тобы соңынан ілесе кетті. Бірақ кемелеріміз алға қарай жүре алмады. Міне, бұл бір мәселе: командалар зәкірді көтермепті. Сонымен бұл мәселе шешілді! Алғашқы болып зәкірді көтерген «Тапқырлар» тобы. Олар зәкір «көтеру» математикалық тапсырмаларды лезде шығара білді. Барлығы дайын – алға!
Кемелер ағаш басында жұмбақ жемістері бар ерекше аралдың жағалауына аттанды. Бұл не деген жемістер, олар жеуге жарамайтындар! Балалар құпия сөздерді тапты: үстел, сықырғыш, тоқта, Отан, отбасы. Әр капитан орындалған тапсырманың ішінен өздеріне жақын сөздерді ғана таңдады. Капитанның таңдауымен командалар да келісті.
Теңізде алай-дүлей дауыл басталды. Біздің командалар бұл дауылдан еш қорықпай әзіл-қалжын-жұмбақтармен теңізде кездескен қиыншылықтың бәріне тұра білді. Осылайша оларға «Арал ғажайыбы» да көрінді. Бірақ бұл табиғаттың құпиялы жеріне жетуінің өзі оңайға соққан жоқ. Бұл аралда жануарлар өмір сүруі керек. Ал олар қайда? Олар сиқырланған болып шықты, бұл сиқырды әр топ өз кемесінен ең ақылгөйді жібере отырып ала алды. Содан аралда сары масалар, тиіндер, қасқырлар, ала тышқандар пайда бола бастады. Барлық жануарлар пайда болып, көңілді де қызықты болды. Балалар жануарлардың кейпіне кіріп, олардың бейнесін салды. «Сотқар аюлар» жаттығуының өткізілуі де жөн еді.
Жас саяхатшыларымыздың жолында көптеген аралдар кездесті, алайда барлық командалар сынақтардан мүдірместен өтті. Ең соңына қарай балалар «Пантомим» жағалауында зообақ пен циркте кездескен жануарларды шешті.
Бұл сайыстың жеңімпазы «Тапқырлар» командасы атанды.
Командалар Туған жерлеріне оралып, өз жүлделерін де ала келді.
Командалар сыйлыққа ие болды.
Павлодар қ. №38ЖНМ ММ бастауыш сынып мұғалімі, С.В.Рожина.