Сенім телефоны
8/7182/356596
email: sosh38@goo.edu.kz
Мекенжайы: Мойылды ауылы Абай көшесі 1
8/7182/356596
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Ар тазалығын жоғары ұстайтын қылықты қызды тәрбиелеу, әр ата-ананың парызы
02-12-2015 00:35

Дүниежүзілік ЖҚТБ-мен күресу айлығы қарсаңында №38 ЖНМ 8-9 сынып оқушылары (қыздар) арасында психо-профилактикалық тұрғыда

«Ерте жыныстық қатынастың салдары» атты әдептілік сабағы өткізілді.

Іс-шараның мақсаты: қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып, қыз балаға келешекте ана, ақ босағаның аруы, шаңырақтың құт-берекесі екенін ұғындыру,әдептілік,сыпайылық, инабаттылық, мейірімділік, төзімділік, ар тазалығын жоғары ұстайтын қылықты қыз тәрбиелеу, өз денсаулықтарына деген жауапкершілікті арттыру және ЖҚТБ ауруының жұқтыру қаупінің алдын алу болды.

Іс-шара барысында оқушы қыздармен тақырыпқа қатысты дәріс, рөлдік ойындар, ситуациялық жағдаяттар өткізілді. Әр оқушы белсене қатысып, ата-аналарынан алған тәлім-тәрбиелерін, білімдерін жүргізілген рөлдік ойындар, ситуациялық жағдаяттарды шешу барысында көрсете білді. Қорыта келе, бүгінгідей қоғамның аласапыран кезеңінінде қыз балаларды жан-жақты тәрбиелеу бұл уақыт күттірмейтін мәселе, сондықтан әрбір қыз - болашақ ана екендігін ұмытпаған абзал. Қыз баланың физиологиялық, психологиялық даму кезеңдерін басшылыққа ала отырып, өткізілген әдептілік сабағы өз нәтижесін берді деуге болады.

№38 ЖНМ педагог – психологі

Д.Е. Машгутова