Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8/7182/356596
email: sosh38@goo.edu.kz
Адрес: Мойылды ауылы Абай көшесі 1
8/7182/356596
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Жағымсыз әдеттерден сақ болайық!»
25-11-2015 01:59
Шылым шегуден бас тартудың ұлттық күні қарсаңында №38 ЖНМ 9 сынып оқушылары арасында салауатты өмір салтын сақтау және психо-профилактикалық тұрғыда «Шылым шегу және денсаулық» атты машықтық іс-шарасы өткізілді. Іс-шараның мақсаты: денсаулықтың адам өміріндегі ең маңызды орын алатыны жөнінде сөз қозғау және әрбір жасөспірімді сауаттылыққа, парасаттылыққа тәрбиелеу, бағыттау, бағдарлау, денені шынықтырып, оны таза сақтаудың жолдарын үйрету, денсаулыққа зиян келтіретін зиянкестер туралы айту, салауатты өмір салтын ұстануға, оқушылар бойында өз денсаулықтарына жауапкершілікті арттыру мен аурулардың алдын алу болды. Барлық оқушылар іс-шараға белсене қатысты. Машықтық іс-шара барысында балалардың жеке өмірлерінде әрқайсысылары салауатты өмір салтын ұстанатындықтары және денсаулықтарын қадірлей білетіндіктері байқалды. Сонымен қатар іс-шара соңында оқушылардан «Зиянды әдеттер» атты сауалнама алынып, «Шылым шегу», «Денсаулықты құртатын шылым» тақырыптарына бейне фильмдер көрсетілді. Қорыта келе, мектепте 9 сынып оқушылары арасында сынып сағаттарында, әртүрлі спорттық іс-шараларда және медицина маманы тарапынан да салауатты өмір салты әрқашан белсене насихатталады. №38 ЖНМ педагог – психологі Д.Е. Машгутова