«Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау» - деп француз ойшылы Жан Жак Руссо айтпақшы, ұстаздардың еңбегі ерен. Шәкірт санасына білім нәрін сеуіп, ел болашағының өрендерін тәрбиелеп шығару - екінің бірінің қолынан келе де бермейді. Ұстаз болу – жүрек жылуын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту. Ұстаз болу – шәкіртке ата-анасындай болып тәрбие сыйлау. Ұстаз болу – жас ұрпақтың жарқын болашаққа барар жолын айқындап беру. Сондай ұстаздың бірі №38 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Алимхан Серикгул. Мұғаліміміз өзінің білімділігімен, адамгершілігімен ата- аналардың құрметіне ие. Әрқашан ізденіс үстінде. Балаларымыз мұғалімі сияқты, жан-жақты деп айтқымыз келеді. Биыл біздің балаларымыз, 4-сыныпты ортаңғы буынға шығарып салып, жаңа оқу жылында 1 сынып қабылдайды. Мұғалімімізге шығармашылық табыс, ізетті шәкірттер келеді деп ойлаймыз.
№38 мектептің 4-сынып ата-аналары
Павлодар қаласы