"Павлодар қаласының № 38 жалпы негізгібілім беру мектебі" ММ 29.11.2019 жылы жалпы республикалық Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеуге орайластырылғанжәне білім беру ұйымдарының білім алушыларының назарын Ұлт Көшбасшысының ерен еңбектерінеаударып, жастардың бойында патриоттық және азаматтық жауапкершілік сезімін қалыптастыруға, өзін-өзіжетілдірудағдыларын, көшбасшылық қасиеттерін дамытуға бағытталған «Қазіргі Қазақстан. Елбасы көшбасшылығының сабақтары» атты ашық сабақ өткізілді.
Сабақ Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаумен басталды. Бейнероликті көргеннен кейін іс-шараға қатысушылар, 5-9 сынып оқушылары өз әсерлерлерімен бөлісті. ҚР Тұңғыш Президентінің өмірі мен еңбек қызметі туралы викторина ерекше қызығушылық тудырды.
Шақырылған дәріскерлер ретінде Павлодар қаласының белгілі қоғам қайраткері, ақын, ҚР Жазушылар және журналистер одағының мүшесі, Ж. Аймауытов атындағы облыстық драма театры директорының орынбасары Амантай Жарқынбек сөз сөйледі.Ол оқушыларға Н. Назарбаевтың ел экономикасын, мәдениетін дамытудағы қосқан үлесі және Егеменді Қазақстанның қалыптасуындағы рөлі туралы айтып берді.
Қонақпен кездесу қызықты өтті және оқушылар жадында ұзақ қалары сөзсіз.