Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8/7182/356596
email: sosh38@goo.edu.kz
Адрес: Мойылды ауылы Абай көшесі 1
8/7182/356596
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
In a year
In a month
In a week
Yesterday
"Ertis" заманауи мультимедиялық мұражайы
15-01-2020 15:26

2020 жылдың 8-қаңтарында біздің мектептің 5-6 сынып оқушылары Павлодар қаласындағы "Ertis" заманауи мультимедиялық мұражайына барды.

Екі қабатты мұражай үлкен аумақты алып жатыр, тоғыз экспозициялық зал ашылды. Ежелгі малшылар, палеонтология, неоген залдары бар.  Мұражайдың ең әсерлі экспонаттарының бірі мамонт қаңқасы мен үлкен мүйізді бұғы қаңқасы болды.

         Музейдің бірегейлігі - шынайы археологиялық және табиғи экспонаттар заманауи мультимедиялық технологиялармен үйлеседі. Мысалы, алғашқы қауымдық қоғам тарихы залында touch-панель тұр, онда балалар өз қолдарымен тарих бойынша интерактивті оқулықтарды "парақтап" әр түрлі дәуірдегі адам түрлерімен таныса алды. Ұлттық бейне залында сақ жауынгерлерін, сондай-ақ А. Пархоменконың бірегей фотокөрмесін көруге болады.

         Қызықты және танымдық экскурсия ата-бабаларымыздың тұрмысын түсінуге және көруге көмектесті. Олардың еңбектерінің арқасында біздің Павлодар облысы құрылып, дамыды.

Мұражайды "уақыттың сиқырлы машинасы"деп атауға болады. Онда санаулы минуттарда, қысқа уақыт ішінде балалар өткен заманға саяхат жасап, таң-тамаша болды!