«Мектепке дейінгі ұйымның мұғалімі - 2021» облыстық байқауының бірінші турының қорытындысы бойынша, қазақ тілі мұғалімі Г.А.Макулбекова ең көп ұпай жинап, II турға жіберілді.
2021 жылы 21 сәуірде Павлодар облысы білім басқармасының білім беруді дамытудың инновациялық орталығы «Мектепке дейінгі ұйымның мұғалімі - 2021» облыстық байқауының бірінші турының қорытындысын шығарды. Бірінші турдың қорытындысы бойынша біздің қазақ тілі мұғалімі Г.А.Макулбекова ең көп ұпай жинап, II турға қатысуға жіберілді. Гүлжайнат Аманжоловнаға одан әрі шығармашылық жетістіктер мен жеңістер тілейміз!