«Кішкентай адамның үлкен жүрегі» игі істер марафоны.

«Павлодар қаласының N42 мектепке дейінгі гимназиясында» «Кішкентай адамның үлкен жүрегі» игі істер марафоны жалғасуда.
2021 жылдың 30 қыркүйегінде «Еңбек десанты» акциясы өтті акцияның мақсаты - мектеп жасына дейінгі балалардың қарт адамдарға деген оң көзқарасын қалыптастыру. Мектепке дейінгі гимназияның қызметкерлері мен тәрбиеленушілері жеке секторда тұратын зейнеткер-педагог Котелкина Галина Анатольевнаға көмек көрсетті. Қыс мезгіліне отын, күзгі бақшада - көкөністерді жинауға, ауланы сыпыруға, құрғақ жапырақтарды жинауға көмектесті.
«Кішкентай адамның үлкен жүрегі» атты игі істер марафоны тәрбиеленушілерге қарт адамдарға құрмет пен қамқорлық сияқты қасиеттерді қалыптастыруға ықпал етеді.