"Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогы"

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында ҚР БҒМ "Мектепке дейінгі балалық шақ" республикалық орталығы "Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогы" конкурсының республикалық кезеңін өткізді. Конкурстың республикалық кезеңіне конкурс Ережесінің талаптарына сәйкес іріктеуден өткен 15 өңірден облыстық турдың 25 жеңімпазының материалдары келіп түсті. Республикалық конкурстық комиссия отырысының қорытындысы бойынша "Мектепке дейінгі ұйым педагогі" номинациясында Павлодар қаласының №42 мектепке дейінгі гимназиясының қазақ тілі мұғалімі Макульбекова Гульжайнат Аманжоловна ІІІ орын алды.
№ 42 мектепке дейінгі гимназия ұжымы Гүлжайнат Аманжоловнаны республикалық байқаудағы лайықты жеңісімен құттықтайды! Мұғалімдер күні қарсаңында кәсіби салада одан да шығармашылық жетістіктер тілейміз!