Жүзу

"Мектеп жасына дейінгі балаларға жүзуді үйрету» вариативті компонентінің ұйымдастырған оқу іс-әрекеттерінде жүзу нұсқаушысы О.П.Молоков N42 мектепке дейінгі гимназияның тәрбиеленушілері баланың денесін шыңдайтын өмірлік дағдыларына бейімделіп жүзуге үйренеді. Жүзу сабақтары топқа бөлу бойынша ұйымдастырылып өтеді. Жүзу сабақтары барлық жас топтарына арналған. Оқыту үш кезеңнен тұрады: суға үйрену; суды дамыту; жүзу қимылдарын меңгеру. Суда шомылу, жүзу, ойындар мен ойын-сауық бала ағзасының барлық жүйелеріне пайдалы әсер етеді. Біздің бүлдіршіндерімізге денсаулық тілейміз!