
Бүгін «№42 мектепке дейінгі гимназиясы» КМҚК «Денсаулық күні» мерекесі өтті. Бұл іс-шара салауатты өмір салты туралы білімді бекіту, әрбір адам бала кезінен өз денсаулығына қамқорлық жасауы керек екенін түсінуді қалыптастыру мақсатында өткізіледі. Мереке ата-аналармен таңертеңгілік жаттығу-жүгіруден басталды, содан кейін Незнайка тәрбиеленушілерімен маршрут парақтың көмегімен көңілді спорттық саяхатқа аттанды. Балалар әр түрлі тапсырмаларды орындап, ептілік пен күш сынасты. Мереке өте динамикалық және жарқын болды!
Салауатты өмір салты туралы түсінік қалыптастыру, балалардың денсаулығын сақтау және нығайту бойынша барлық іс-шаралар № 42 мектепке дейінгі гимназияда оқу жылы бойы іске асырылады және дене шынықтыру-сауықтыру жұмысының тұтас жүйесіне енгізілген.
Мереке балалар арасында ұмытылмас әсер қалдырды.