"Күз патшалығындағы оқиға"

22 казан күні ортаңғы "А", мектепалды "А" топтарында "Күз патшалығындағы оқиға" атты мерекелік іс-шарасы өтті.Күз - береке бастауы, молшылықтың мезгілі. Еңбектің қадірін білген біздің халқымыз күзді ырыс - береке деп ерекше қадір тұтқан. Мерекеге Күз ханшайымы мен Күлше қыз ертегісінің кейіпкерлері қонаққа келіп , іс-шараның сәнін келтірді. Олар балалармен қызықты ойындар ойнап, ән айтып, би биледі.