Жаңа жыл

Жаңа жыл - бұл тілектердің орындалатын уақыты, ал балалар үшін Жаңа жыл мерекесін күту Аяз ата мен Ақшақардың сиқырлы кездесуімен байланысты.
Бүгін «N42 мектепке дейінгі гимназия» КМҚК ортаңғы топ тәрбиеленушілері ертегі кейіпкерлерімен бірге жаңа жылдық шыршаны айналып, ән шырқап, тақпақтар оқыды, би биледі. Мереке соңында Аяз ата «Сиқырлы шар» сыйлығын ұсынды, ол балаларға сыйлықтарға апарар жол көрсетті!