Сенім телефоны
8(7182)67-61-98
Мекенжайы: Ак. Шөкин көшесі 33
8(7182)67-61-98 қабылдау бөлмесі 8(7182)67-61-97 бухгалтерия 8(7182)67-61-96 вахта
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі, жұма -сағат 15.00- 17.00 дейін.
Семинар
27-03-2023 11:31
Семинар

      24.03.2023 «Павлодар қаласының №42 мектепке дейінгі гимназиясы» КМҚК педагогтары Павлодар қаласының мектепке дейінгі ұйымдарының педагогтарымен ЕББҚ балаларымен жұмыс жасау тәжірибесімен бөлісті.
     Семинар барысында төмендегі педагогтер тәжірибемен алмасты:
- педагог-психолог
А.С. Хохрякова ЕББҚ балалармен жұмыс жасаудағы тәрбиешілер мен мамандардың қарым-қатынасын айтып, көрсетті.
- Логопед  А.Е.Сакс  өз сөзінде ол СЖД балаларымен жұмысты атап өтті, педагог озық тәжірибелері мен түзеу жұмыстары бойынша жаттығуларын ұсынды.
-Музыкалық жетекшісі
 Н.В.Терлецкая  логопедпен және тәрбиешімен бірлескен жұмыс туралы айтты, ырғақты ойындарды, өзін-өзі массаж және музыкалық-дидактикалық ойындарды көрсетті.
-Дене шынықтыру пәнінің нұсқаушысы Молоков О.П. СЖД балалармен жұмыс істеудің практикалық тәжірибесін, сондай-ақ дене шынықтыру сабақтарында мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу белсенділігін дамытуға ықпал ететін нысандар мен әдістерді көрсетті.
-Тәрбиеші Виниченко Г.В. кешенді, жүйелі және коррекциялық білім беру үдерісінде дәстүрлі емес технологияларды қолдану туралы айтты.
-ортаңғы «Б» тобындағы баланың анасы К.И.Семкина  мектепке дейінгі гимназия педагогтарына баланың сөйлеу тілінің дамуындағы өзгерістерді көргені үшін алғысын білдірді.
     Семинардың нәтижесі «Плюс, минус, қызық» рефлексиясы болды, онда семинарға қатысушылар алған әсерлерімен бөлісті, өз пікірлерін білдірді және тәжірибелерімен бөлісті.