Қазақстан Республикасының бірінші Президент күні 2018 ж.
№42 мектепке дейінгі гимназияда Қазақстан Республикасының бірінші Президент күніне арналған «Менің Қазақстаным – менің елім» атты викторинасы даярлық топтар арасында өтті. Мерекені Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаумен басталды. Мереке кезінде балалар өздерінің Президентіне деген мақтанышпен тақпақтар оқыды, дайындаған «Біздің Елбасымыз» шағын жобаларында, елбасымыздың өмірі жайлы айтып өтті.
Балалар еліміздің мемлекеттік рәміздері туралы білімдерімен бөлісті. Өткізілген іс-шаралар Қазақстан халықтарының бірлігі үшін , мектепке дейінгі балаларды адамгершілік-патриоттық сезімдеріне тәрбиелеу үшін қажет.