„Аяз атада қонақта„

№42 мектепке дейінгі гимназияда "Аяз атада қонақта" атты қолдан жасалған бұйымдар көрмесі өтті. Көрмеге барлық 11 топтың тәрбиеленушілерінің ата-аналарымен және тәрбиешілерімен бірге жасаған бұйымдары қойылды. Жұмсақ ойыншықтар, ашық хаттар, шырша ойыншықтары, табиға материалдардан жасалған бұйымдар – осының бәрін біздің тәрбиеленушілер өз қолдарымен жасаған. Жаңа жылдың көркі болып келетін шыршаны, ең көп жасаған. Көрмеде қағаздан, матадан, ленточкалардан, жіптен, кәмпиттерден, макарондық өнімдерден, бүршіктерден жасалынған шыршалар қойылды.
Көрмеге қатысушылар өздерінің шығармашылық мүмкіндіктерін және қиялдарын жүзеге асыра алды. Біз көрмеге белсенді қатысқан ата-аналарға өз алғысымызды білдіреміз.