
Әрине, күз өзінің алуан түрілігімен қызықтырады. Күзде шуақты ауа-райы мен табиғат мерекесін тамашалай аласыз. Күз мезгілінде ғана осылайша табиғатпен рахаттана аламыз. Күнің шуақты болғанымен, бәрі ұйықтап жатқан сияқты. Сонымен біздің мектепке дейінгі гимназияда күзбен қоштасу «Алтын күз» мерекесі өтті. Ортанғы топтағы балалар үшін, олар тікелей қатысқан алғашқы ертеңгілік болды. Бірақ балалар қобалжымай, ойындарға белсенді қатысты, ән айтты, өлең оқыды. Олар көптеген сыйлықтар мен тосынсыйлар әкелетін «Күзді» қарсы алды. Ересек топтар мен мектепалды даярлық топтар балалары да әдемі Күзді қарсы алып, оған ән мен би, өлең мен ойындар дайындады. Балалар мен олардың ата-аналары ертегідегі күзгі орманға барып қайтты. Балалар үшін ертенгілік көпке дейін естерінде қалады, осы мерекеден олар қаншама жағымды көңіл-күй алды, ал енді алдымызда қыс мезгілі.....