“Үш тілде сөйлейміз ”атты акциясы өтті.
Күні: 24.01.20
“Үш тілде сөйлейміз ”атты акциясы өтті.
Тақырыбы: Жабайы жануарлар.
Мақсаты: Жабайы аңдар туралы сөздік қорын кеңейту.
Бүгінгі акциямыз ерекше өтті. Балалармен бірге ата-аналар да қызығушылықпен қатысты. Жабайы жануарлардың суреттерін дайындап әкеліп, әр топ қабырға газетін жасады. Мектепалды тобының балалары сөйлемдер мен сөз тіркестерін байланыстыра құрастырды. Мысалы: Мынау қоңыр аю. Мынау қу түлкі. Мынау сұр қоян. Орманда аю бар. Орманда қасқыр бар. Бүгінгі тақырыпқа қатысты акциямыздың жеңімпазы мектепалды «Б» тобы болды.