Құстарға деген махаббат !
Күз, әсіресе қыс — құстар өмірінде қиын кезең. Осы уақытта олар әсіресе біздің қамқорлығымызды қажет етеді. Орнитологтардың пікірінше, құстарға суық емес, тамақ жетіспегендік көп қауіп тударырады . Ересек "А" тобының балалары ата-аналарымен бірге тәрбиешілер өткізген "Астау" акциясына белсенді қатысты. Астаулар әртүрлі тастанды материалдан жасалынған : пластикалық шөлмектер мен банкалар, шырын қораптары, фонерлер және т.б.заттардан. Әртүрлі формалар мен түстерден жасалған ерекше астаулар жасалынды. Белсенді қатысқан балалар мақтау қағаздарымен марапатталды.