«Ашық қаралымдар»
2019-2020 оқу жылына арналған жылдық жоспарға сәйкес педагогикалық шеберлік аптасы өтті,оның негізгі мақсаты мектепке дейінгі гимназияның педагогикалық ұжымының шығармашылық әлеуетін дамыту, балалармен жұмыс жасаудың әртүрлі технологияларын, түрлері мен әдістерін практикалық қолдану бойынша тәжірибе алмасу болып табылады.
Әртүрлі жастағы топ тәрбиешілері әріптестеріне өздерінің педагогикалық тәжірибесін ұсынды. Ашық іс-шаралар педагогтарға тәжірибе алмасуға, өз таланттарын көрсетуге, әріптестермен шығармашылық жұмыстарымен бөлісуге мүмкіндік берді.