Телефон доверия
8(7182) 65-55-93 87057317592
email: sosh25@goo.edu.kz
Адрес: улица Майры, 49/1
тел. 62-78-01
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Среда: 16:00-18:00 Пятница: 10:00-13:00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Астана – мақтанышым
26-01-2017 10:30
Астана – мақтанышым

Бүгін қалалық № 2 кітапхана қызметкері Кеңеспаева Г.К. мен мектебіміздің кітапханашылары Кашенова Қ.Р. және Мұхаметжанова Л.С. ұйымдастыруымен «Астанам - мақтанышым» атты іс-шара өтті. Аталмыш шараға 6«ә» және 6«б» сынып оқушылары қатысты. Ұйымдастырушылар оқушыларға бас қаламыз Астана туралы көптеген тың деректер айтып, қызықты да мағынасы терең бейнероликтер көрсетті. Қазақстан, Астана туралы әндер шырқалды. Әсіресе, 1«ғ» сынып оқушысы Сұлтанова Жансаяның орындауындағы «Жаса Қазақстан» атты әні бәрінің көңілінен шықты. Сонымен қатар екі сынып арасында сайыс ұйымдастырылып, бас қаламыз туралы білімдері анықталды. Түрлі танымдық мәліметтерге толы кітаптардан ұйымдастырылған көрме оқушылар тарапынан асқан қызығушылыққа ие болды. Олар Қайырпану апайлары айтып өткен әрбір кітап, оның мазмұны туралы мұқият тыңдап, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап ала алды.

Іс-шара соңында кітапханашылар тарапынан оқушыларға естелік сыйлықтар таратылып, фотосуреттерге түсті.