Сенім телефоны
8(7182) 65-55-93 87057317592
email: sosh25@goo.edu.kz
Мекенжайы: Майра көшесі, 49/1 үй
тел. 62-78-01
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 16:00-18:00 Жұма: 10:00-13:00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Қанатыңды кең серпі»
25-01-2017 07:12
«Қанатыңды кең серпі»

Бүгін мектебімізде 28 рет Универсиада – 2017 қысқы спорт ойындары сайысының Алматы қаласында өткізілуіне байланысты «Қанатыңды кең серпі» атты бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Бұл сынып сағатының өткізілу мақсаты: оқушыларға елімізде өтетін қысқы спорт ойындарының әнұраны, эмблемасы және түрлері, оған қатысушы жерлес спортшылар туралы жан-жақты мағлұматтар беру.

Өткізілген сынып сағаттары өте тартымды да қызықты, маңызды деректерге толы болды. Сынып сағаттарына спорт ардагерлері де шақырылды. Атап айтсақ, 6 «А», 6 «Ә», 6 «Б» сыныптарында Павлодар спортының ардагері № 24 жалпы орта білім беру мектебінің дене шынықтыру мұғалімі Оспанбеков Тұрсынбек Сәрсенбекұлы, 7 «Ә» сыныбы мектебіміздің дене шынықтыру мұғалімі, спорт ардагері Сұлтанов Балтабай Қалымұлы қонақ ретінде қатысып, оқушыларға өздерінің спорт жолындағы жетістіктері, спорт түрлерінің өзіндік ерекшеліктері, қызық жақтары мен қиындықтары туралы және спорттық олимпиадалар туралы түсініктер мен мағлұматтар берді. Кездесу соңында оқушылар спорттық тақырыптарға байланысты көптеген сұрақтар мен өздерін толғандырып жүрген сауалдарына жауап алды.