Сенім телефоны
8(7182) 65-55-93 87057317592
email: sosh25@goo.edu.kz
Мекенжайы: Майра көшесі, 49/1 үй
тел. 62-78-01
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 16:00-18:00 Жұма: 10:00-13:00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Шахмат клубы» кабинетінің ашылуы
10-01-2017 09:26
«Шахмат клубы» кабинетінің ашылуы

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында халықты салауатты өмір салтына ынталандыруды басым бағытының бірі ретінде атап көрсетті. Осы негізде биыл қаламыздың барлық мектептерінде спорттық кешендегі шахмат кабинеттері ашылу жоспарланды. Соның бірі біз - №25 жалпы орта білім беру мектебі Шахмат кабинетінің тұсауын кесу рәсімін өткізу үшін Павлодар облысының әкімі Болат Жұмабекұлы Бакауов, Павлодар қаласының әкімі Нуржан Кемерұлы Ашимбетов қатысты. Мектеп оқушылары халықаралық гроссмейстер, 2013 жылғы әйелдер арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы Елена Анкудиновамен сайысқа түсті. «Шахмат клубының» жетекшісі жоғары білімді, жоғары санатты ұстаз Жұмабаев Серик Хамзинович. Бұқаралық ақпараттық қызметкерлері қатысып, қадірлі қоңақтардан сұхбат алды.

Бұл мектеп ғұмырнамасында тарихи естелік болып қалатыны сөзсіз. Қазіргі ақпараттандыру технологиясының кең дамыған заманында оқушыларымыз бұл бағытта үлкен жетістіктерге жетеді деп үміттенеміз.