Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182) 65-55-93 87057317592
email: sosh25@goo.edu.kz
Адрес: Майра көшесі, 49/1 үй
тел. 62-78-01
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі: 16:00-18:00 Жұма: 10:00-13:00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Тәуелсіз –елім менің»
22-12-2016 08:20
«Тәуелсіз –елім менің»

25 жыл –күмбір күй боп төгілдің, Келбет нұры арайланып көгімнің. Әр жүрекке жалын беріп тұрғандай, Егеменді Елтаңбасы елімнің. Желтоқсаннан жұлдызданған халықпыз, Намыстанып жігерленіп жаныппыз. 25 жыл – күнді сүйді Көк байрақ, Біз қазақпыз, ай мен күндей анықпыз. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай №25 жалпы орта білім беру мектебінде «Тәуелсіз –елім менің» атты концерттік бағдарлама өтті.

Бүгін еліміздің әр азаматы үшін айтулы күн. Бүгін Тәуелсіздік күні! 1991 жылы 16 желтоксанда Алаш жұртының арманы орындалды. Қазақ елі дербес мемлекет атанды. Биыл сол Тәуелсіздігімізге 25 жыл. Көк байрағы желбіреген бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің Тәуелсіздігі баянды болғай. Ұлы даламыздағы ең ұлы мерекеміз баршаңызға құтты болсын. Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Бұл Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтижесі деп білеміз. Салтанатты іс-шарамызды мектеп директоры Бабыкова Гаухар Қабдырқызы ашты. Барлық ұстаздарды, ата-аналарды, оқушыларды құттықтап, мектептің қызметкерлеріне құрмет грамоталарын табыс етті. Тәуелсіздік күні баршаңызға құтты болсын! Тәуелсіздік туы әрдайым биікте желбірей берсін деген тілек білдірді. Концертіміз Отан, туған жер деген әндерімен жалғасты. Мемлекетімізге одан әрі өрлеу мен өркендеу, әрбір қазақстандыққа – мол табыс, бақ-дәулет тілейміз. Еліміз тыныш, болашағымыз жарқын болсын.

ТЖДО А.Б. Каппасова