Сенім телефоны
8(7182) 65-55-93 87057317592
email: sosh25@goo.edu.kz
Мекенжайы: Майра көшесі, 49/1 үй
тел. 62-78-01
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 16:00-18:00 Жұма: 10:00-13:00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Қазақстан - қарусыз әлем үшін» атты көрме
02-12-2016 01:37
«Қазақстан - қарусыз әлем үшін» атты көрме

img_7140

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығы қарсаңында №25 жалпы орта білім беру мектебінде «Қазақстан- қарусыз әлем үшін» атты көрме ұйымдастырылды.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Ғасырлар тоғысында» атты кітабында ядролық қару туралы былай деп жазған болатын: «Қазақстанның ядролық қарусыз аймақ атануын сөз етсек, біз айтқанымызда тұрдық. Қазақстан-дүние жүзінде ядролық сынақ алаңын жапқан бірден-бір мемлекет. Сондықтан да Президенттің Жарлықтарының ең алғашқыларының бірі ядролық қарудан бас тарту болды. Бұл біздің еліміздің бейбітшілік сүйгіш саясатының көрінісі болды және әлемдік қоғамдастық тарапынан оң бағасын алды.

Елбасымыз еліміздің әлемдік қоғамдастығы үшін аса маңызды ірі істі бастап берді. Ол –Қазақстанның Семей ядролық полигонын жауып, ядролық қарусыз әлемге адамзат тарихында алғаш қадам басқандығы. Бұл оның жаһандығы бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге қосқан үлесі.

Оқушылар көрмеге өздері қолдан жасаған түрлі буклеттер мен суреттерді ұсынды. Оқушылар бейбітшілік өмірді, тәуелсіздігіміздің тұтастығын, бірлігін сол жұмыстары арқылы көрсете білді.

«Қазақстан- қарусыз әлем үшін» атты көрмеге белсене қатысқан үшін 9-10 сыныптың оқушыларына және сынып жетекшілеріне алғыс білдіріміз.

ТЖДО А. Б. Каппасова