ҚР Білім және ғылым министрлігі «Әйелдердің шығармашылық бастамалары лигасы» ҚБ, «Бала дауысы» мен «Қазақстанның қамқоршылар кеңесі» ҚҚ-ның бастамасымен және республиканың барлық өңіріндегі жергілікті орындаушы органдардың қолдауымен «Балаларға жылу сыйла» ұранымен «Қамқоршы күні» мерекесі өтіп жатыр.
Қазан айының 29-шы жұлдызында біздің мектебімізде қамқоршылар күні аталып өтті. «Мейірімі мол – Жандар!» деген атпен әдеби шара ұйымдастырылды.
Мақсаты: Отбасы Отанның бір бөлшегі екенін ұғындырып, ата- аналардың бақытты жанұяға деген қызығушылығын арттыру. Жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Өскелең ұрпақты тәрбиелеу кезінде отбасылық салт-дәстүрлерді қолдау және дамыту, оқушылардың көркемдік шығармашылығын насихаттау, балалардың бойында патриотизм және отбасылық құндылық сезімдерін ояту болып табылады.
Оқушылар мерекелік концерт дайындады. Өнерлі мектеп оқушылары қамқоршыларға өз өнерлерін паш етті. Мектеп директоры Бабыкова Г.К. қамқоршыларды мерекелерімен құттықтап, сөз сөйлеп, әр қамқоршыны бала тәрбиелеудегі еңбегі үшін ризалығын білдірді. Осындай іс-шаралар келекшекте өз жалғасын табады.