Сенім телефоны
8(7182) 65-55-93 87057317592
email: sosh25@goo.edu.kz
Мекенжайы: Майра көшесі, 49/1 үй
тел. 65-18-37
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 16:00-18:00 Жұма: 10:00-13:00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Судағы қауіпсіздік
29-06-2016 09:41
Судағы қауіпсіздік

Көптен күткен суға түсу маусымы келді. Облысымыздың жүздеген адамдары демалыс күндері суға тартылады. Таза ауа, күн шуағы, рахатқа батырып қоймай, организмнің жақсаруына септігін тигізеді. Сонымен қатар су әр кез өмірлерді әкетеді. Ашық сулар қауіптілік көзі, осыған байланысты суда жүзу кезінде абай болу орынды. Суда жүзу дені сау адамдарға ғана пайдалы, сондықтан суға түсуге болатындығы жайлы дәрігер кеңесін алу қажет. Суға түсудің қолайлы уақыты таңғы 8-10 сағаты мен кешкі 17-19 сағаты. Ас ішкеннен кейін бір сағаттан бұрын суға түспеген дұрыс. Балалар пикниктер, саяхат тау жүрістеріне, лагерьлеріне барғанға дейін ересектер балаларды қауіпсіздік ережелерімен таныстыруы қажет.

Жақсы жүзе білу – суда демалудың бірден-бір қауіпсіздік кепілі, бірақ есте сақтаңыздар әр жақсы жүзуші суда жүзу ережелерін қатаң сақтау қажет, әрдайым абай болу керек. Суға түсу алдында дем алған абзал. Суға дене ыстығымен түсуге болмайды. Жағадан алыс жүзбеңдер, ескерту белгілерінен өтпеңіздер. Арнайы белгіленген және құрылған жерлерде суға түсіңіздер. Белгісіз жерде түсер алдында су түбіе тексеріп алыңыздар. Суға байқап, ақырын кіріңіздер, су белге келген кезде тоқтаңыз және тез арада сүңгіңіз. Әсіресе өз кұшіңізге сенімді болмасаңыздар ешқашан жалғыз суға түспеңіздер. Ешқашан жалған қауіптілік белгісін бермеңіздер. Судағы тайыз жерлердің өзінде балаларға сақ болыңыздар, себебі олар ойын кезінде құлауы және суға тұншығуы мүмкін. Суда ұстап қысу ойындарын жүргізбеңіздер ойын кезінде қасыңыздағы адам ауаның орнына су жұтып есінен айырылуына себеп болады. Балалардың суда жүзіп үйренуі ересектер бақылауында болуы қажет. Таныс емес жерде секіріп сүңгу қауіпті – баспен тасқа, свайға т.с.с соғылып мойын жұлынын сындыруға, естен тануға, өлімге әкелуі мүмкін. Есте сақтаңыздар: мас күйде суға түсу трагедиялық жағдаймен бітуі мүмкін! Ыстық ауа райының келуіне байланысты, біз сендерге бірнеше қауіпсіздік ережелері туралы ақыл бергіміз келеді. Суда жүзу кезіндегі қауіпсіздік ережелері: Арнайы қолайланған жерлерде суға түс.. Таныс емес жерлерде сүңгіме Буйкалар артына жүзбе. Суда ойын кезінде бір-бірлеріңді қол немесе аяқтан ұстамау. Жүзу білмейтіндер 1,2 метр тереңдікпен арнайы қолайланған жерлерде түсу.

Суға түсер алдында ағылшын түйреуішін алуды ұмытпаңыздар. Ол сізге сіңір тартқан жағдайда көмектеседі. Егер сіңір тартып түйреуіш болмаған жағдайда шымшып алыңыз. Жәбірленушіні көз қарассыз тастауға (кез келген уақытта жүрегі тоқтап қалуы мүмкін), өздігімен тасуға болмайды, жағдай болса құтқару қызметін шақыру. Есте сақтаңыздар! Тек нақты суда жүзу ережесін сақтаған кезде жамандықтың алдын алуға болады.