Сенім телефоны
8(7182) 65-55-93 87057317592
email: sosh25@goo.edu.kz
Мекенжайы: Майра көшесі, 49/1 үй
тел. 62-78-01
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 16:00-18:00 Жұма: 10:00-13:00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Түстер күні»
28-06-2016 03:50
«Түстер күні»

Қызықты лагерь күндерінің 2 ауысымы да келді! № 25 ЖОМ жанындағы «Ғажайып арал» жазғы сауықтыру лагері де әдеттегідей екінші ауысымы басталды. Лагердегі екінші күн ерекше көңілді өтті. Бұл әрине лагерь басшысы Абдрахманова Р.Р. мен тәрбиешілердің өз жұмыстарын шығармашылықпен ұйымдастыруына байланысты болып отыр. Бүгін «Түстер күні» аталып өткізілді. Бұл күнгі мереке екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде балалар түстер жайлы ақпараттар алды: жан-жағымыздағы нұрлы әлемнің әр затының өз түсі бар. Әр адам түс үйлесімділігін өз талғамы бойынша киген киімінде, алған заттарында таңдап алады. Жалпы алуан түрлі түстердің ерекшеліктері жайлы айтып өтейік. Ақ түс – қайырымдылық пен пәктіктің түсі. Қара түс- ең сиқырлы түс. Қараңғылық тұңғиықтың символы. Көк түс- бейбітшіліктің белгісі. Сары түс- жеңілдік пен қуанышты, сабырсыздықты, нұр сәулені білдіреді. Қызыл түс – тасыған күшті білдіреді. Келесі кезеңде топтар өздері таңдап алған түстері туралы өз білімдерін көрсетіп, жатқа өлең оқып, хормен ән айтып, тамылжыта би биледі. Түстер күні «Көңілді сөре» спорттық қозғалмалы ойындар жарысымен жалғасты.