Телефон доверия
8(7182) 65-55-93 87057317592
email: sosh25@goo.edu.kz
Адрес: Майра көшесі, 49/1 үй
тел. 62-78-01
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі: 16:00-18:00 Жұма: 10:00-13:00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Армысың, әз Наурыз!
24-03-2016 06:51
Армысың, әз Наурыз!

Наурыздың 22-і күні Усолка мөлтек ауданында 4 киіз үй құрылып, тұрғындарға мерекелік әр түрлі шаралар өте қызықты өткізілді. Қала әкімі Булат Жұмабекұлы Бакауов мерекелік шараларының өткізілу барысын бақылап, тілегін білдірді. Концерттік бағдарлама тамашаланып, спорттық ұлттық ойындар ұйымдастырылды. № 25, № 37, №41 мектептер мен балабақшалардың қызметкерлері келген қонақтарды қарсы алып, киіз үйдің ішіндегі ұлттық нышанда жинақталған бұйымдармен таныстырды. Ұлттық тағамдардан дәм таттырды. Үлкен адамдар баталарын беріп, кішкентай балалар қызықтап, суреттерге түсті. Әр киіз үйдің қызметкерлері 50 кг-нан бауырсақ, 50 литрден «Наурыз-көже» таратты. Барлық тұрғындар көтерінкі көңіл-күйде болып, ризашылықтарын білдірді.