Сенім телефоны
8(7182) 65-55-93 87057317592
email: sosh25@goo.edu.kz
Мекенжайы: Майра көшесі, 49/1 үй
тел. 62-78-01
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 16:00-18:00 Жұма: 10:00-13:00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Сын тұрғысынан ойланту арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту» тақырыбында семинар өткізілді
13-01-2016 07:44
«Сын тұрғысынан ойланту арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту» тақырыбында семинар өткізілді
Слайд2

№25 жалпы орта білім беру мектебінде қаңтардың 12 сағат 15.00- де қала мұғалімдеріне семинар өткізілді. Семинардың басты тақырыбы: озық тәжірибемен алмасу. Семинарға қалалық білім беру бөлімінің әдіскері Н.Ш.Азанбаеваның ұйымдастыруымен 34 мұғалім қатысты. Семинар барысында қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Меруерт Әсетқызы Теміржанова өз тәжірибесімен бөлісті. Одан кейін осы тақырып төңірегінде коучинг жүргізді.

Семинар: «Сын тұрғысынан ойланту арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту» тақырыбы төңірегінде болды.

Мақсаты: Тұлғаның шығармашылық қабілеті мен қызығушылығын жетілдіру, бала бойындағы дарындылықты жас ерекшелігін ескере отырып анықтау, шығармашылық жұмыстар жасату арқылы дарындылықтың талантқа айналуына күш салу.

Барлық жастағы балаларды кез келген мазмұнға сын тұрғысынан қарауды үйрету. Кез келген қиыншылықтарды жеңуге, өз мәселелерін шешуге, әр түрлі жағдайларды сын тұрғысынан қарауға, екі ұйғарым пікірдің біреуін таңдауға, сапалы шешім жасауға үйрету.

Оқыту нәтижесі: Коучинг соңында мұғалімдер:

  1. Мұғалімдердің сын тұрғысынан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздеуі. Білім беруде оқушыға жеке көңіл бөлуді дамытуға ықпал ететін оқыту әдісі ретінде әңгімелесуді, мысалы: жауап алу мен шағын топта жұмыс істеу әдістерін қалайша тиімді қолдануға болатыны туралы өз түсінігін қалыптастыру. Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытудың жолдарын қарастыру;
  2. Өздігінен жұмыс істей алу қабілетін анықтай отырып, дамыту;
  3. Кез- келген тапсырма бойынша талдау жасау шеберліктерін арттыру;

Ұтымды жері: мұғалімдер «мен өз білімімді толықтырдым, сын тұрғысынан ойланту арқылы шығармашылық қабілеттерін тақырыбын өте жоғары деңгейде меңгердім, коуч уақытты дұрыс үнемдеген, түрлі әдіс арқылы жаңа тақырыпқа шыққаны ұнады, өз сабақтарымызда пайдаланамыз, жаңа көзқарасымыз қалыптаса бастады» деп ойларын білдірді.