Құқық апталығы өтуде....
Құқық апталығы өтуде....
Желтоқсан айының 22-жұлдызында тарих пәнінің мұғалімі Әсел Сақыжанқызы Бейсенбекова 5-ші сынып оқушыларымен өздерінің құқықтары қарастырылған құжаттармен, отбасындағы, қоғамдағы құқықтары мен міндеттерін таныстыру мақсатында «Мен бала Конвенциясы туралы не білемін?» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелде 5 «ә» сынып оқушылары Қажыбек Айзада, Шакибаева Дильназ, Баймұратова Меруерт, Қайсар Асан, Бакенов Арғын, Каден Мөлдір өздерінің құқықтық білімдерінің жоғары екенін көрсете білді. Өткізілген іс-шарадан оқушылар көптеген мәліметтер мен мағлұматтар алды.
ТЖДО Е.О.Уахитова