№25 жалпы орта білім беру мектебінде 29-қазан күні Республикалық «Қамқоршылар күні» мерекесі ата өтілді.
№25 жалпы орта білім беру мектебінде 29-қазан күні Республикалық «Қамқоршылар күні» мерекесі ата өтілді.
«Қамқоршылар күні» мерекесін өткізу Қазақстан тарихында қамқоршылар мен отбасында ата-ана жылуын тапқан жетім балалар үшін алғашқы қайырымдылық шара болып табылады.
Бұл іс-шараның басты мақсаты – жетім балалар мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды тәрбиелеп жатқан қамқоршыларды қолдау.
«Қамқоршылар күні» мерекесіне орай мектебімізде төмендегідей іс-шаралар ұйымдастырылды:
- 4 сыныптар арасында «Әке, ана және мен» атты спорт сайысы өтті. 4 «Ж» сыныбы атынан қатысып, І орынға ие болған Гросс отбасы. 4 «А» сыныбы атынан қатысып Отеповтар отбасы ІІ орын алса, ал 4 «В» сыныбынан Муратовтар отбасы ІІІ орын иеленді.
- «Ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалардың құқығы» тақырыбында 9 сыныптар арасында дебат сайысы өтті. Сайыста мектепішілік «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері жоғары белсенділік танытты.
- Мектебіміздің қамқоршыларының құрметіне «Мейірімді жүрек» атты мектепішілік мерекелік концерт өтті. Бұл көнцертке ата-ананың қамқорынсыз қалған 5 баланың қамқоршылары қатысып, өздерінің ризашылығын білдірді.