Сенім телефоны
8(7182) 65-55-93 87057317592
email: sosh25@goo.edu.kz
Мекенжайы: Майра көшесі, 49/1 үй
тел. 62-78-01
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 16:00-18:00 Жұма: 10:00-13:00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясына арналған сынып сағаты
14-10-2015 02:21
І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясына арналған сынып сағаты
10 11 17

№25 жалпы орта білім беру мектебінде 8а мен 9а сыныптар арасында жыл кітабы – І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясына арналған сынып сағаты өтті. Оқушыларды ерлік пен батылдыққа тәрбиелеу мақсатында түсініктеме беріліп, бейне сюжет арқылы І.Есенберлиннің өмірбаянымен танысты. Романның мазмұнын меңгеріп, тақырыбы мен идеясын ашты, оқушылар өз ойын ашық айта білуге үйренді.

Оқушылар алдын ала тапсырылған қосымша мәліметтерді баяндап, топ ішінде елеулі еңбектерін талқыға салып, өз ойларымен бөлісті. Атап айтсақ 1-топ Хиуа хандығы мен Ресей патшасын салыстырды, 2-топ І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясындағы кітап пен фильмдегі айырмашылығын тапты,

3- топ І.Есенберлиннің өмірбаянына шолу жасады. Әр топ І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясына слайт шоуларын ортаға салып қызығушылықтарын білдірді. Шығарма кейіпкерлері – негізінен, тарихи тұлғалар, Шыңғысхан дәуірінен басталып Кенесарымен аяқталатын қазақ мемлекетінің бастау көзі мен қиын-қыстаулы тағдыр-талайының басында тұрған хандар тізбегі, ел мұңы мен арман-тілегінің хабаршысы – ақын-жыраулар, ел мен жер үшін, ұрпақ болашағы үшін жан аямай шайқасып, Отанын қорғай білген арыстан жүрек, атан жілік батырлар. Бұлар – ел есінде аттары жатталып, тарихта қалған, өмірде болған тұлғалар.

Оқушылар өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер батырлардың ерлігін үлгі ету үшін көп еңбетену керектігін сенім білдірді.

8 «а» сынып жетекшісі Теміржанова Меруерт Әсетқызы