5-7 сынып оқушыларымен «Зиянды әрекеттер және олардың денсаулыққа зияны» тақырыбында танымдық ойын, тренингтер арқылы темекі мен насыбайдың жас ағзаға тигізетін зияны, тудыратын аурулар туралы толық мәліметтер берілді. Түсініктерін кеңейту, жаман әдеттер зиянының дәлелі ретінде видеобрифинг ұйымдастырылды. Оқушылар өз ойларын ортаға салды. Темекісіз, есірткісіз өмірдің артықшылдығына көз жеткізді деуге болады. 8-ші сынып оқушыларымен «Жасөспірім мен зиянды әдеттер» тақырыбында пікір-талас өткізілді. Жауапты: мектеп психологі Ж.Б.Ордабаева. Оқушылардың жауаптарынан ақпаратталғандығы байқалады. Бірақ бұл алдын алу жұмыстарында ақпараттандыру, насихаттау жұмыстарын жалғастыру қажет. Балалар - біздің болашағымыз. Дені сау ұрпақ өсіру, тәрбиелеу қазіргі кезде біздерге жүктелген үлкен міндет. Сол үшін барлық азаматтар дені сау ұрпақ қамын ойлап, өз үлесін қосуы керек!
Мектеп психологі: Ж.Б.Ордабаева