Қала мектептер арасында Қ.Сатпаевті еске алуға арналған оқушылар арасындағы дәстұрлі турнир
02.04-08.04.2015 жылы аралығында кала мектептер арасында Қ.Сатпаевті еске алуға арналған оқушылар арасындағы дәстұрлі турнирі өтті. Жарысқа Павлодар қаласының 16 мектеп командасы қатысты. Соның арасынан №25 жалпы орта білім беру мектебінің құрама командасы I - орын алып кубокқа ие болды. Жаттықтырушы дене шынықтыру мұғалімі Даулет Абилович Бегалинов. II – орын алған ұшін №21 жалпы орта мектебі марапатталды. Ал III – орынға №39 жалпы орта мектебі қол жеткізді. Жарыс өте жоғарғы деңгейде, қызықты, тартысты өтті. Жарыс қатысушылары мадақтама қағаздарымен және сыйлықтармен марапатталды. Әр команданың жаттықтырушылары қалалық білім беру бөлімінің мадақтамасымен марапатталды.