ХХ - Республикалық Одиссея Разума фестивалінің қорытындысы Биылғы жылы Алматы қаласында «Ақыл–ой шарықтау Одиссеясы» 20-шы республикалық фестиваліне Ақтөбе, Астана, Алматы, Павлодар қалаларының 47 командасы қатысты, соның ішінде қаламыздың беделін «Павлодар қаласы №25 жалпы орта білім беру мектебінің» 16 командасы қорғады. Фестивальдің мақсаты - оқушылардың топтық, ұжымдық сезімдерін, креативті және логикалық ойлау, күрделі жағдаяттардан шығу, шығармашылық қабілеттерін дамыту болып табылады. Фестиваль нәтижелері бойынша №25 ЖОМ командасы 7 жыл қатарынан жалпы командалық есепте басты республикалық кубокқа, ұзақ мерзімді проблема бойынша «Архимед» тобы 7 медальға, аралас топтар арасынан кіші кубокқа, қысқа мерзімді проблема бойынша 43 топтың арасынан «Достық» және «Планета» топтары 2-орынға ие болып, жеке мадақтамамен марапатталды. Жалпы командалық қорытынды: І-орын 7 топ, ІІ- орын 2 топ , III- орын 4 топ, IY- орын 2 топ, Y- орын 1 топ жетістіктерге ие болды.