ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
![ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!](/media/img/blogs/58cd0830f41b3.jpeg)
2017 жылғы 15-17 наурыз аралығында Щучье қаласында 1-7 сынып оқушыларының зерттеушілік жұмыстары мен шығармашылық жобаларының «Зерде» ХІІ республикалық конкурсына қатысып, жүлделі ІІ орынды жеңіп алған № 25 мектептін 4 «А» сынып оқушылары Абдрахманова Айсара мен Канашева Айымды толағай табыстарымен құттықтаймыз. Оқушылардың дайындық жұмысын нәтижелі жүргізгені үшін сынып жетекшісі Айнагүл Қуанышқызы Тұрсыноваға алғыс жариялаймыз.