Телефон доверия
8(7182) 65-55-93 87057317592
email: sosh25@goo.edu.kz
Адрес: улица Майры, 49/1
тел. 62-78-01
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Среда: 16:00-18:00 Пятница: 10:00-13:00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
"Экстремальное селфи"
03-05-2017 11:54

Жасөспірімдер арасында экстремалды селфидің өсуінің алдын алу. Ақпараттық деңгейлерін арттыру мақсатында 3-5.05 аралығында мектепте 5-6; 7-8; 9-11 сынып оқушыларына видеобрифинг,дәріс, тренинг-жаттығулар өткізілді.
Селфи (ағылш. Self – өзі, өзін), басқаша фотоавтопортрет – камера мен айнаның көмегі арқылы өзін өзі фотокамераға түсіру арқылы пайда болатын автопортреттің бір түрі. Бұл термин 2010 жылы мобильді құралдардың дамуының пайда болуына байланысты қалыптасты. Адамдар неге осылайша селфи түсіруге құмар?
1.Өзінің ерекше қырын таныту. Сіздің суретіңізді көріп отырған адам сізге сол сурет арқылы баға беруі мүмкін. Бұл жағдайда фотосурет – сіздің өзіңіз, өзіңіздің қандай да бір қоғамдық топқа қатысыңыз, отбасылық жағдайыңыз, жұмысыңыз бен хоббиіңіз туралы хабарлаушы рөлінде.
2.Тегін жарнама. Бұл жағдайда адам өзін жарнамалық баннер ретінде қарастырады. Фотосурет табыс пен сенімділіктің образын қалыптастырушы ретінде қолданылып тұр. 3.Шығармашылық шеберханасы. Бұл селфидің позитивті жағы деуге де болады. Бұл тәсілді шығармашылыққа жақын адамдар әрбір өткен күні туралы сюжеттерді хабарлауға пайдаланады. Оның оқырмандары немесе ғаламтордағы жазылушылары оның келесі әрекеттерінің де дәл осындай жолмен жариялануын күтіп отырады.
Статистикаға сүйенсек, селфи-тәуелділікпен көбінесе 18-35 жас аралығындағы адамдар ауырады екен. Көпшілік назарын өзіне аудару үшін, оған тәуелді болады. Сол себепті, құштарлығы арта түседі. Қазіргі таңда, «селфифобия» деген жаңа қорқыныш та пайда болыпты.
Орта есеппен, әуесқой «селфишілер» әлеуметтік желіге аптасына 3-5 жаңа сурет салса, нағыз «селфишілер» әрбір басқан қадамдарына дейін салып отырады. Иә, жаһанданған мына заманда, әлеуметтік желі, смартфондар, планшеттер мен ұялы телефондар адам өмірінде ерекше орынға ие. Коммуникацияның қазіргі әдіс-айлалары адамдарға жаңа ақпараттар алуға, тиімді жұмыс істеуге және оқуға мүмкіндік береді. Алайда, тиімді тұстарынан, тиімсіз тұстары басым екенін ұмытпаған жөн болар. Жасөспірімдер арасында селфидің қауіпті еліктеуіш, қызығушылық екенін түсіндіру, алдын алу жұмыстары жалғастыруды қажет етеді.