«Менің қалам–Павлодар»
12- ақпан күні Павлодар қаласының №25 жалпы орта білім беру мектеп кітапханасында, 6 «Ә» сынып оқушыларымен ерекше мереке аталып өтті – Павлодар облысының 80 жылдығына арналған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауына орай, «Туған өлке» жобасы аясында өткізілген ісшара: «Менің қалам – Павлодар». «Туған өлке» жобасының мақсаты өңірінің тарихи мұраларымен таныстыру, атадан балаға қалған асыл құндылықтарымызды сақтау, викторина, блиц-сұрақ, ойын, жазушылар, ардақты адамдар, облыс туралы фильм және арнайы кітап көрмесі көрсетілді.