«Қазақтың ырымдары мен тыйымдары» атты тәрбие сағаты
20 - наурыз күні 2018ж. Павлодар қаласының №25 жалпы орта білім беру мектеп кітапханасында, 5«В» сынып оқушыларына арналған Наурыз мерекесі қарсаңындағы
«Қазақтың ырымдары мен тыйымдары» атты тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: Ырым - тыйым сөздерінің мән - мағынасын түсіндіру. Жас кезінен ұрпағын «тек» деп өсірген халқымыз теріс қылық мінезге де тыйым салған. Бұл балалық шақтан бастап, отбасы болғанша сақталған ереже тәрізді. «Олай жасама, бұлай жасама, жаман сөз айтпа, дұрыс емес» т. б. сөздердің жауабын «жаман болады» дегенмен аяқталып отырған. Өмірде әр тақырыпқа байланысты ырым - тыйым сөздер кездеседі. Балаға, малға, әйел адамға т. б.
Дамытушылығы: Рухани жан дүниесін дамыту.