Сәуірдің 18 - күні 2018ж. Павлодар қаласының №25 жалпы орта білім беру мектеп кітапханасында, 6 «Ә » сынып оқушыларымен «Тіл мәртебесі – ұлт мәртебесі» атты іс шара өткізілді, ана тілімізге деген сүйіспеншілігін арттыру, қазақ тілінде таза сөйлеуге,тапсырмаларды дұрыс орындауға баулу, тілдің мәртебесін көтеруге, оның қасиетін сезінуге тәрбиелеу.
Мақсаты: Оқушыларды туған тілімізді құрметтей білуге баулу.
Міндеті : тіл тазалығын сақтау, мәдениеті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мелекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру; тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал – мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту; оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Рухани жан дүниесін дамыту.
Көрнекілігі: ұлағатты сөздер, кітап көрмесі «Тілі бірдің – тілегі бір», слайд, видеоролик « Қазақ тілі - мемлекеттік тіл».
«Тіл мәртебесі – ұлт мәртебесі»