2018 ж. қарашаның 20 - күні Павлодар қаласының №25 жалпы орта білім беру мектеп кітапханасында, 6 «А» сынып оқушыларымен «Салауатты өмір – көтеріңкі көңіл» атты іс- шара өткізілді. Кожабаева Г.Б. кешті Сара Назарбаеваның мынадай сөзімен бастады: «Дені сау сәби әр отбасының, қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты сәби халықтың болашағы, Отанының сенімді тірегі» және де «Дені сау адам – табиғаттың ең бағалы туындысы» Т.Корлейль деген екен.
Оқушыларды салауатты өмір-салтын қалыптастыруға тәрбиелеу, жеке бас гигиенасын сақтауға, дұрыс тамақтануға, денешынықтыру мен спортпен шұғылдануға, жаман әдеттерден сақтандыру, ішімділік пен темекінің жас организмг езиянды екенін насихаттау. Жас бүлдіршіндерді мектеп партасынан-ақ жаман әдеттерден аулақ болып, өскен ортадан тек қана жақсы әдеттерді бойына сіңіруге баулу мақсатында іс-шара өткізілді.
Салауатты өмір – көтеріңкі көңіл