Сенім телефоны
email: ekotyr@goo.edu.kz
Мекенжайы: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Менің Отаным - Қазақстан» ХХ - шы қашықтан аймақтық оқушылар ғылыми-тәжірибелік конференциясы «Өз өлкеңді танып біл» секция жұмысының қорытындылары
25-11-2020 16:56
«Менің Отаным - Қазақстан» ХХ - шы қашықтан аймақтық оқушылар ғылыми-тәжірибелік конференциясы 	«Өз өлкеңді танып біл»  	секция жұмысының қорытындылары

                            «Менің Отаным - Қазақстан»

                XХ - шы қашықтан аймақтық оқушылар ғылыми-

           тәжірибелік конференциясы

            «Өз өлкеңді танып біл»

                секция жұмысының қорытындылары

            2020 жылғы 25 қараша күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Менің Отаным - Қазақстан» XХ - шы қашықтан аймақтық оқушылар ғылыми тәжірибелік конференциясы көлемінде «Өз өлкеңді танып біл» секциясы өз жұмысын атқарды.

     Секцияға Павлодар облысы, Павлодар қаласы білім беру ұйымдары 2 - 10 сыныптарының 14 оқушылары қатысты.  

Секция жұмысы барысында туристік-өлкетану қызметін бейнелейтін жұмыстар (өлкетану, археопалеонтологиялық, этноэкспедициялары, туристік экскурсиялық маршруттары мен экологиялық соқпақтарды құрастыру) тыңдалды.

Конференция қатысушыларының жұмыстарын құзыретті әділ қазылар алқасы бағалады: Асима Советқызы Оспанкулова - М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының әдіскері, Оксана Владимировна Дьяченко - Қазақстан Республикасының туризм бойынша еңбек сіңірген нұсқаушысы, «Павлодар облысы бойынша спорттық бағдарлау федерациясы» ҚБ Вице-президенті, БЖЭТО жоғары санатты қосымша білім беру педагогы, Зауре Елубайқызы Сарбасова - ф.ғ.м., БЖЭТО әдістемелік кабинетінің меңгерушісі.

Павлодар қаласының М. Әуезов атындағы, № 11, 13, 16, 20, 21, 33, 39, 41 жалпы орта білім беру мектептерінің оқушылары, «№7 арнайы мектеп-интернаты» КММ, «К. Б. Даржуман атындағы Ұлттық жаңғыру мектебі» КММ тәрбиеленушілері белсене қатысты.

Секция қорытындылары бойынша конференция қатысушылары - грамоталармен, ғылыми жетекшілері - алғыс хаттарымен марапатталды. 

«Өз өлкеңді танып біл» секциясында І орынды № 21 ЖОМ 4 сынып оқушысы Турий-Ладыко Платон, № 20 ЛМ 9 сынып оқушысы Шкленник Арина иеленді, ІІ орынды № 39 ЖОМ 2 сынып оқушысы Даниял Кульмагамбетов, № 41 ЖОМ 3 сынып оқушысы Устименко Александр, №7 арнайы мектеп-интернатының 7 сынып оқушысы Айсара Муритова, № 16 ЛМ 7 сынып оқушысы Тамерлан Кадыров, К. Б. Даржуман атындағы Ұлттық жаңғыру мектебінің тәрбиеленушісі Белозуб Иван иеленді, ІІІ орынды № 13 ЖОМ 3 сынып оқушысы Жансая Еркен, № 33 ЖОМ 7 сынып оқушысы Жанель Болатханова, № 41 ЖОМ 8 сынып оқушысы Бакалу Аурика, №11 ЖОМ 8 сынып оқушысы Адина Алибек иеленді.