Қалалық қашықтан шығармашылық байқау
«Өткен шақ - осы шақ - болашақ»
Білім беру ұйымдары музейлерінің қызметін білім беру мен тәрбиелеу кеңістігі ретінде танымал ету, музейлік білім беру ортасы үшін мультимедиалық жобалар жасау мақсатында Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы 05.01-27.01. 2021 жылы «Өткен шақ – осы шақ – болашақ» қалалық қашықтан шығармашылық байқауын өткізді. Байқауға 75 оқушы № 43, 6, 32, 33, 7 қала мектептерінің, № 16 мектеп лицейінің, БЖЭТО балалар бірлестіктерінің тәрбиеленушілері қатысты. Байқауға ұсынылған музей ашықхаттарында мектеп педагогтары, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, біздің Ертіс өңірінің тарихи оқиғалары, өңіріміздің табиғи мұрасы туралы материалдар болды. Нәтижесінде:
1 орын – Мидони Екатерина, №16 мектеп-лицейі;
2 орын – Галюра Яна, ЖОМ №43;
2орын – Нығманова Айсана, ЖОМ №33;
2 орын – Бопышева Диляра, ЖОМ №7;
3 орын – Казак Анатолий, ЖОМ №32;
3 орын – Хамитова Ханшайым, БЖЭТО.
Біздің жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз, сіздерге сәттілік тілейміз!