Экологиялық сағат
Өскелең ұрпақты экология мәселелеріне баулу мақсатында 2021 жылғы 23 ақпанда Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы Балалар көркемсурет мектебімен бірлесіп, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын, «Менің елімнің экологиясы» облыстық кіші жобасының «Үнем-қоғам қуаты» кіші бағдарламасын іске асыру аясында онлайн тәртібінде «Біздің айналамыздағы экология» экологиялық сағатын өткізді. Павлодар облысының жалпы білім беретін мектеп оқушыларымен кездесу барысында біздің өңірдің экология мәселелері талқыланды, «Экологиялық калейдоскоп» зияткерлік ойыны өткізілді.