Сенім телефоны
email: ekotyr@goo.edu.kz
Мекенжайы: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
ҚР чемпионатына қатысу туралы ақпарат
26-03-2021 09:58
ҚР чемпионатына қатысу туралы ақпарат

ҚР чемпионатына қатысу туралы ақпарат

   2021 жылғы 18 наурыздан 23 наурыз аралығында Ақмола облысының Щучинск қаласында шаңғымен спорттық бағдарлау бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жарысқа Қазақстанның 8 өңірінен: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Павлодар облысы, Ақмола облысы, Қарағанды облысы, ШҚО, Жамбыл облысы, СҚО спортшылары қатысты. ҚР чемпионатының жарыс бағдарламасында төрт қашықтық болды: «спринт», «орта»және «ұзақ»қашықтық, эстафета. Жарыстар MWЕ тобы бойынша жеке-командалық біріншілік (21-45 жастағы спортшылар) және әртүрлі жас санатындағы топтар бойынша жеке біріншілік ретінде өткізілді. Командалық нәтиже төрт күннің қорытындысы алынған ұпай саны бойынша шығарылды. Павлодар облысының команда құрамына Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының «Вертикаль»клубының тәрбиеленушілері және жетекшілері О. В. Дьяченко мен С. В. Кремер кірді.

  Жарыс қорытындысы бойынша Дьяченко Оксана Владимировна W45 тобында «ұзын» қашықтықта 1 орын, Кремер Сергей Владимирович – «бір қатысушының эстафетасы», «ұзын» қашықтығында 1 орын иеленді.

   Алдағы жарыстарда туристерге сәттілік тілейміз!