Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
email: ekotyr@goo.edu.kz
Мекенжайы: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«БЖЭТО КМҚК экологиялық-ботаникалық кешені негізінде оқу-тәжірибелік учаскесінің жұмысы бойынша әдістемелік нұсқаулары» қашықтан аймақтық семинарын өткізу туралы
27-05-2021 13:33
«БЖЭТО КМҚК экологиялық-ботаникалық кешені негізінде оқу-тәжірибелік учаскесінің жұмысы бойынша әдістемелік нұсқаулары» қашықтан аймақтық семинарын өткізу туралы

«БЖЭТО КМҚК экологиялық-ботаникалық кешені негізінде оқу-

тәжірибелік учаскесінің жұмысы бойынша әдістемелік нұсқаулары»

қашықтан аймақтық семинарын өткізу туралы

    Павлодар қаласы білім беру бөлімінің  «Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы» КМҚК негізінде «БЖЭТО КМҚК экологиялық-ботаникалық кешені негізінде оқу-тәжірибелік учаскесінің жұмысы бойынша әдістемелік нұсқаулары» тақырыбында дәстүрге айналған қашықтан аймақтық семинары өткізілді.

     Семинар білім беру ұйымдарының аумақтары негізінде тәжірибелік жұмысты жүзеге асыруда әдістемелік көмек көрсетуі мақсатында ұйымдастырылып өткізілді.

    Семинар жұмысына Павлодар облысы, Павлодар қаласы мектеп жанындағы учаскелері негізінде жұмысы үшін жауапты 25 тыңдаушылар қатысты.

      Семинарды өткізу бағдарламасы келесі мәселелердің қарастырылуын қамтыды: «Оқу-тәжірибелік алаңында оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру», «Білім беру ұйымдарында ОТУ негізінде метеоалаңшасын ұйымдастыру және фенологиялық бақылаулар жүргізу», «Біржылдық және көпжылдық гүл өсімдіктерін отырғызу мерзімдері, олардың мысалында зерттеу және тәжірибелік жұмысы», «Мектепке дейінгі мекемелер және жалпы орта білім беру мектептері шартында бөлме өсімдіктерін өсіру және күтім жасау. Бөлме өсімдіктерімен тәжірибелік жұмысы», «Сәндік бұйымдарды әзірлеуде табиғи материалды қолдану»  тақырыбында шеберлік сыныбы.

     Семинар соңындағы тәжірибе алмасу барысында қатысушыларсеминар жұмысының тиісті әдістемелік дәрежеде өткізілуі туралы пікірін білдірді.