Сенім телефоны
email: ekotyr@goo.edu.kz
Мекенжайы: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Шағын музейлер: отансүйгіштік тәрбие берудің миссиясы мен қоры» қашықтан облыстық семинарының өткізілуі туралы ақпарат.
15-10-2021 18:15
«Шағын музейлер: отансүйгіштік тәрбие берудің миссиясы мен қоры» қашықтан облыстық семинарының өткізілуі туралы ақпарат.

2021 жылдың 15 қазанында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Шағын музейлер: отансүйгіштік тәрбие берудің миссиясы мен қоры» атты облыстық семинар өтті. Семинар «Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы» КМҚК мен  «Өрлеу» «БАҰО АҚФ Павлодар облысы бойынша ПҚ БАИ» бірлесіп, ұйымдастырылды. Семинар қазіргі заманғы музейтану саласындағы кәсіби құзыреттілікті жетілдіру, білім беру мекемелері музейлері басшыларының әдістемелік даярлығын тереңдету мақсатында өткізілді.

Семинар бағдарламасы « Жас ұрпақ патриоттық тәрбиелеудегі мектеп музейлерінің рөлі», «Тиімді нәтижеге қол жеткізу үшін іс-шараларды өткізудің жаңа формаларының атласы»,  «Білім беру мекемелеріндегі мектеп музейлерінің ерекшеліктері», БЖЭТО «Жас эколог» мұражай қызметі тәжірибесінде өлкетану жұмысын ұйымдастыру», «Мектеп мұражайының жұмысын жүргізу әдістемелік негіздері және тәжірибелік жолдары» тақырыптарының кең ауқымын анықтады.

Семинар жұмысына 108 қатысушы қатысты: директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектеп мұражайларының басшылары, мұғалімдер.

 Семинардағы жұмысты қорытындылай келе, бағдарламаның өнімді мазмұны, өзектілігі, осы іс-шараны ұйымдастыруға және өткізуге шығармашылық ерекше көзқарас атап өтілді, педагогикалық ұжымдарда, ата-аналар жиналыстарында одан әрі талқылауды көздейтін, алдағы қызметтегі жаңа міндеттер мен бағыттарды айқындайтын ұсынымдар қабылданды.