2021 жылғы 23 қараша күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Менің Отаным – Қазақстан» оқушылар XХІ –ші аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында ZOOM платформасы арқылы «Зерттеу жұмысы» секциясы өз жұмысын аяқтады. Крнференция Павлодар облысының білім беру басқармасы мен Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Балалар -жасөспірімдер Экология және туризм орталығы" КМҚК бірлесіп өткізілді. Секцияға Павлодар облысының білім беру ұйымдарының 2-11 сыныптарының 41 оқушысы қатысты. Секция қорытындысы бойынша келесі оқушылардың жобалары атап өтілді: 1 орын - Реснянский Елисей, Павлодар қаласының №43 ЖОМ; Жолдаспаева Айман, Павлодар қаласының №29 ЖОМ; Қайыржан Айдана, Баянауыл ауданы Ш. Айманов ат. ЖОББМИ; 2 орын - Шакатов Руслан, Ақсу қаласы Пограничник селолық округінің Спутник станциясының негізгі мектебі; Қайргелді Ерасыл, Павлодар қаласының №19 ЖОМ; 3 орын - Кривошлыков Артем, Павлодар қаласының №17 ЖОББМ; Альбеков Арсен Павлодар қаласының ЖОББГМ №9.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Менің Отаным – Қазақстан» қашықтан оқушылар XXI-ші аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциясы